Дания Еспаева өз таңдауын жасады

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақжол» демократиялық партиясының атынан кезектен тыс Президент сайлауына түсіп жатқан Дания Еспаева өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ жол» партиясының өкілі сағат №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Дәл осы учаскеде таңертең тағы бір үміткер Жамбыл Ахметбеков дауыс берген болатын.

«Барлық кандидаттар сияқты бүгін мен үшін де маңызды күн. Бір ай бойғы ұйқысыз жұмыстың нәтижесі шығады. Осы уақыт аралығында мені қолдап, үгіт жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне, партияластарыма және халыққа алғыс айтқым келеді», - деді үміткер.null

Дания Еспева өзінің Қазақстан тарихындағы Президентікке үміткер тұңғыш әйел екенін де еске алды.

«7 үміткердің ішінде жалғыз нәзік жанды ретінде үлкен жауапкершілік болды. Жақтастарыммен бірге ол жауапкершілікті де абыроймен атқардық деп ойлаймын. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел кандидат ретінде тіркелуім менің алғашқы жеңісім болатын», - деді кандидат.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Соңғы жаңалықтар