Дания Еспаева «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ұжымымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы экономикалық аймақтағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын қорғаныc саласындағы еліміздің ірі өнеркәсіп ұжымына таныстырды. Зауыт қазақстандық әскер мен әскери күш құрылымдарын бронетехникамен қамтамасыз етеді.

Дания Еспаева цехтың жұмысын көрді, кәсіпорын жұмысшыларының қойған сауалдарына жауап берді. Сайлаушылар несиелердің жоғары мөлшерлемесі мен мемлекеттік тапсырыстардың мерзіміне қатысты сұрақтар қойды.null

Кеше Президенттікке тағы бір үміткер Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері маңғыстаулықтарға кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырған болатын.

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің Қызылорда облыстық сайлауалды штабы қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті.

Ал кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «Агро-Өркен» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

«Ауыл» партиясы атынан президент сайлауына түсіп жатқан Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері Павлодарда «Сағып» шаруа қожалығына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. null

Соңғы жаңалықтар