Дания Еспаева елордада жас сайлаушылармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық-заң колледжінде жас сайлаушылармен кездесті. Оқытушылар мен студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Бұл туралы «Ақ Жол» партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Колледжде заңгер, аудармашы, мұғалім мамандықтары бойынша барлығы бес жүздей шәкірт тәлім алады. Оқу орны былтырдан ғана бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешелерін оқыта бастаған. Оған мемлекет екі жүздей шәкіртақы бөлген болатын. Студенттер арасында басқа қаладан келіп оқитындар саны аз болмағанымен, хостелдегі тегін орындар саны 30 адамға ғана есептелген. Келер жылдары өзге қалалықтарды қамтитын жатақхана салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Соңғы жаңалықтар