Дания Еспаева Ақмола облысының Шортанды ауданында болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева сайлауалды науқан барысында Шортанды ауылында болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Үгіт шаралары облыстық аймақтық штабтың ұйымдастыруымен өтті. Оған республикалық штаб мүшелері Дмитрий Васильев, Меруерт Қазбекова және партияның аймақтық белсенділері қатысты.null

Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт тобы А.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өнеркәсіп орталығына барды. Орталықтағы сұрыптау, зерттеу нәтижесінде бидай, арпа, тары және басқа да дақылдардың 60-қа жуық жаңа түрі шығарылды. Отандық сұрыптау сорттары күннен-күнге қолдану аясын кеңейтіп келеді.

Дания Еспаева орталықтың соңғы жетістіктерімен танысып, жаңалықтар жасау үшін ғалымдарға не қажет екенін сұрап білді. Бұдан соң «Ақ жол» партиясының үміткері Шортанды ауданының бюджеттік қызметкерлері және кәсіпкерлерімен кездесті. Аудандағы 1300-дей адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Оның 40% - нәзік жандар. Ауданда қызмет көрсету саласы жақсы дамыған.null

Дания Еспаева сайлаушыларды өз бағдарламасымен таныстырып, экономиканың басым салалары үшін төмендетілген қосымша құн салығы мөлшерлемесін енгізу сынды ұсыныстарын айтып өтті.

Үміткер, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Көпшілік жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамның әлеуметтік мәселелері, кәсіпкерлікті қолдау сынды тақырыптарда сұрақ қойды.

Соңғы жаңалықтар