Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 19 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Даниал Аxметов су тасқыны туралы: Мұзға кеткен тротилмен 1,5 мың танкіні жаруға болатын еді

2018 жылғы 17 сәуір 14:41 810
Бөлісіңіз:
Даниал Аxметов су тасқыны туралы: Мұзға кеткен тротилмен 1,5 мың танкіні жаруға болатын еді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Аxметов су тасқынына кеткен шығындарды жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Моңғолиядағы су тасқынынан 170 отбасы зардап шекті Атбасарда су тасқынан зардап шеккендер пәтерлі болды

«Зырян, Глубокое және Аягөз аудандарында болған су тасқыны соңғы 50 жылда алғаш рет болып отыр. Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы екі метрден асты. Оны жаруға біраз күш кетті. Содан бірнеше сағаттың ішінде судың деңгейі екі жарым метрге төмендеді. Ол Малеевка кентіндегі жағдайға қатысты. Айтпақшы, мұзды жаруға 17 тонна тротилды жұмсадық. Оның қаншалықты көп екенін түсіндіру үшін бір ғана мысал келтірейін, танктерге қарсы миналарда 11 келі тротил болады. Онымен 60 тоннадан асатын темірдің быт-шытын шығаруға болады», - деді Д.Аxметов Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұxбатында.

Облыс әкімі жарылғыш заттарды қолдану кезінде Семейде үй шыныларының сынғанын да растады. Бүгінде барлық терезелер қалпына келтірілген.

Даниал Аxметовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Шығыс Қазақстан облысына қосымша 3,2 млрд теңге керек. Осыған байланысты тиісті құжаттар Үкіметке жіберілді. «Осы уақытқа дейін біз жергілікті бюджеттен шамамен 500 млн теңгеден астам қаржы жұмсадық. 172 үйді жөндеп жатырмыз. 34 үй жөндеуге келмейді. Қазір оны сатып алдық. Сосын 500 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын өткіздік», - деп атап көрсетті Д.Аxметов.


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат