Даниал Ахметов Зайсан ауданын газға қысқа мерзімде қосуды тапсырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазан айында Зайсан ауданының тоғыз ауылына көптен күткен газ беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының бюро мәжілісінде Зайсан ауданының елді мекендерін газбен қамту мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері газ құбырларының әлі мемлекет меншігіне алынбағанын мәлімдеді. Комиссия өкілдерінің айтуынша, газға қосылуы тиіс 9 ауылдың бірде-бір үйіне газ берілмеген.

«Жұмыс тобы ауылдарды газдандыру жобасы бойынша кестенің бірнеше мәрте бұзылғанын анықтады. 15 қазан күні жобаның басына барамыз. Сол жерде көшпелі отырыс өтеді. Оған дейін жұмыс тобы тексеру жүргізіп, шынайы жағдайды анықтайды. Көшпелі мәжіліске дейін 9 елді мекен газға қосылмаса, қатаң шара қолданамыз» - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аудан әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, көгілдір отынның игілін көруі тиіс 1328 үйдің 520-сы газға қосылуға өтініш жазғанын алға тартты.  Ал әзірге 157 үйге ғана газ берілген. Қалған үйлер 15 қазанға дейін толық қосылмақ.

«5 қазанға дейін барлық үй газға қосылатын болсын. Ол үшін ауданның әкіміне тыңғылықты іс атқарып, әрбір тұрғынмен жеке жұмыс істеу қажет» - деді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар