Даниал Ахметов: Тендерде теңсіздік бар

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жол жөндеу жобаларына қатысты тендерлерде жекелеген компанияларға басымдық беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әкімдік мәжілісінде айтты.

Облыс әкімі тендердегі теңсіздікке жол берген сала басшыларын сынға алды.

«Бір мердігерге 117 шақырым жол бөлінсе, енді біріне 12 шақырым ғана бұйырған. Екеуінің техникалық мүмкіндіктерін саралап едік, бірдей болып шықты. Ең сорақысы, екеуіне де жөндеу жұмыстарын аяқтауға бірдей мерзім белгіленген. Мұны қалай түсінуге болады? Облыста тапсырыс таппай, жұмыссыз отырған компаниялар жетерлік. Оларды тендерден ысырып қойып, неге бір ғана мердігерге басымдық беріледі?» - деп шүйлікті Даниал Ахметов.

Тексеру кезінде бұдан басқа да жөнсіздіктердің беті ашылған. Жол жөндеу жұмыстарына жергілікті өндірістің темір-бетон өнімдері мүлдем қолданылмаған. Облыста үш бірдей цемент зауыты жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, қажетті материал Алматы облысынан тасымалдануда.

«Іске кіріспес бұрын құрылыс материалдарына, олардың сапасы мен құнына талдау жүргізілуі қажет. Алыстан арбалағанша, өзіміздегі өнімді пайдаланған тиімді. Бұл мәселеге қатысты жергілікті өндрушілерді шақырып, пікірін білу керек», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар