Даниал Ахметов ШҚО-ның шаруаларын алдағы ауыл шаруашылығы күнімен құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Глубоков ауданында аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту болашағы талқыланды. Аймаққа жасаған жұмыс сапарының барысында облыс әкімі Бобровка ауылының сүт-тауар фермасының қызметімен танысып өтті. Сондай-ақ мал шаруашылығы секторының жаңа жобалары ұсынылды.

Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау - отандық экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығында, атап айтқанда мал шаруашылығында ілгерілеу қарқыны бойынша жетекші орындардың бірін алуда, деп атап өтті облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.

Бобровка ауылында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша салынған сүт-тауарлық фермасын жаңғырту басталды. Мұнда мың ірі қара малға арналған жаңа кешен салынады. 2015 жылдың тамызына қарай оны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңғыртудан кейін өнімді шығару бірнеше есеге артады.

Даниал Ахметов Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының тұрғысынан осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі аймақтың шаруалары мен аграрийлерін Қазақстанның Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтап, үздік атанғандарға атаулы грамоталарды табыстады.

Соңғы жаңалықтар