Даниал Ахметов ШҚО-ның карантинге әзірлігін тексерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев құзырлы органдардың карантинге дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-жаттығу кезінде Өскемен және Семей қалаларының кіре берісіне блокбекет орнатылды. Шараға полиция қызметкерлері, әскерилер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысқан.

«Өңірде карантин енгізілген жағдайда елді мекендерге кірер және шығар жерлерде блокбекеттер қойылып, онда осы органдардың қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, вирустық инфекцияның таралуын тежейді. Көлік жүргізушілері мен жолаушыларға карантин кезіндегі тұрғындардың міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Оқу-жаттығу кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын планшетпен электрондық база арқылы қалай тексеретінін көрсетті. Сондай-ақ Өскемен мен Семей қалаларының Полиция басқармалары жекелеген аумақта карантин режимін енгізудегі дайындықтарын пысықтады.

«Шараның мақсаты – жауапты орган қызметкерлеріінің және құрал-жабдықтардың әзірлігін тексеру. Карантин енгізілетін жағдайға халыққа қажеттінің бәрі бар: жеке гигиена құралдары, палаткалар, турникеттер және қажет болған жағдайда басқа да арнайы құралдар дайын», - дейді департамент бастығы Сағат Мәдиев.



Соңғы жаңалықтар