Даниал Ахметов ШҚО көше атауларын өзгерту жайлы: Мәселе ұлтта емес, елдің саясатында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы әуежайдың атын «Абай жолы» деп атауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семей әуежайының атауын өзгерту дұрыс идея, халықпен ақылдасайық. Қазір Ресейде де сондай үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр (...) Біз де қарап көрейік. Бірақ, Абайда «Абай арена» деген тамаша ғимарат салынып жатыр. Мүмкін ол Шәкәрім бе, әлде Мұхтар Әуезов бола ма - идеяңыз жақсы, ойланайық. Содан кейін бір дұрыс шешімге келеміз деген ойдамын», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Облыс әкімі өз сөзінде Шығыс Қазақстандағы 1 мыңнан астам көшенің атын 314-нің атауы ауыстырылғанын атап өтті.

«Мысалы, Өскеменде Карл Маркс даңғылы қазіргі кезде Қаз дауысты Қазыбек болды. Орджоникидзе деген көше болды. Енді Орджоникидзенің кім болғанын білеміз ғой... Қазір ол көшенің аты - Сағадат Нұрмағамбетов. Головков көшесінің аты қазір - Бейбітшілік. Семейдегі Ленин көшесі Мәңгілік Ел болды. Сол себептен осы мәселені біз асықпай, ойланып іске асырамыз. Зырян деген аудан - Алтай ауданы болды. Зырян қаласы Алтай қаласы атанды. Сондағы халықтың 100 пайызы осы өзгертуді қабылдады. Мәселе ұлтта емес, мәселе елдің саясатында», - дейді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов сөзін жалғастыра келе Орджонекидзе, Голощекин немесе Киров секілді атаулар міндетті түрде өзгертілгені дұрыс деген пікір келтірді.

«Киров мәселен «үштіктің» қатысушысы болды, оның тапсырмасымен мыңдаған адам атылған. Сондықтан, бұл жерде сөз жоқ, өзгертеміз. Бірақ, бұл ретте өзіміздің халықтың пікірін есепке ала отырып, заң бойынша осы жұмысты жүргізетін боламыз. Сосын мысалы Дмитрий Менделеев атындағы көшені өзгерту керек пе? Сол секілді Сергей Королев атында да көше бар. Бірақ, Сағадат Нұрмағамбетов, Құрманғазы көшелері де болуы керек. Процес жүріп жатыр», - деді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар