Даниал Ахметов ШҚО-да оқушылар қалай үш тілді жетік меңгеріп жатқанын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз өңіріндегі мектеп оқушылары қалайша үш тілді жетік меңгеріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде бір мәселе бар: ағылшын тілін жетік білмейміз. Неліктен қазақтардан басқа әртүрлі ұлттардың балалары қазақ тілін білмейді? Ал не үшін, мәселен, Зайсан ауданында қазақ балаларымыз орыс тілін дұрыс меңгермеген? Біз осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобын құрып, жұмысқа әртүрлі мамандарды тарттық. Белгілі болғандай, ағылшын және қазақ тілінің әдістемесі ескіріп қалған. Міне, сондықтан Кембридж университетінің әдістемесі негізінде толығымен оқыту әдістемесін өзгертіп, барлық мектептерде ағылшын, қазақ мектептерде орыс, орыс мектердерте қазақ тілді кітаптарды басып шығардық», - деді Даниал Ахметов бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысының айтуынша, осылайша, Шығыс Қазақстан үш жыл бойы тәжірибе жасау құқығын алған.

«Міне, қазір Шығыс Қазақстанның балалары осы пәндерден басқа жақтан қарағанда үздік болатынын сенімді түрде айта аламын. Неліктен? Себебі, балалар мүлде басқа әдістемемен оқып жатыр. Егер бүкіл әлем ағылшын тілінде сөйлесе, Шығыс Қазқастанның балалары осы әдістеме арқылы неліктен қазақ және ағылшын тілін білмеуі керек. Білетін болады. Себебі, бұл бір күннің емес, үш жылдың бағдарламасы», - дейді ол.
null 

Даниал Ахметов өз сөзінде барлық тілдік пәндердің мұғалімдерінің тексерілгенін тілге тиек етті.

«Өкінішке қарай, сол уақытта тексеру жұмысының нәтижесі бізді қуанта қойған жоқ. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 3-4 пайызы ғана кәсіби деңгейде ағылшын тілін білетін болып шықты. Мұғалімдердің 20 пайызы қазақ тілін кәсіби деңгейде бере алатыны анықталды. Міне, сондықтан ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдеріміз үшін Англия мен Канададан мамандар әкеліп оқыттық. Олар 2016-2018 жылдары мұғалімдерімізді оқытып, осының арқасында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 44 пайызы кәсіби деңгейде осы пәнді меңгерді. Ал қазақ және орыс тіліндегі мұғалімдердің кәсібилігі одан да арта түсті», - деді Шығыс Қазақстан әкімі.

Соңғы жаңалықтар