Даниал Ахметов Президент шыршасына келген 450 оқушыға нетбук сыйлады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы 450 оқушының қатысуымен Президент шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыста шырша тойы басталып кетті. Оның шымылдығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауымен ашылды.

«Жаңа жыл - жаңа армандар мен үміттердің мейрамы. Сондықтан үлкен де, кіші де оны асыға күтеді. Сендер жыл бойы талмай оқып, конкурстар мен олимпиадаларда жеңімпаз атандыңдар. Елімзде жас буынның дұрыс білім алып, тұлға болып жетілуіне барлық жағдай жасалған. Еңбекқорлық пен білімге деген құштарлық арманға жеткізеді. Дендерің сау болып, жаңа білімге, шет тілдерін үйренуге ұмтылыңдар. Ата-ана қамқорлығын бағалай біліңдер» делінген видео-құттықтауда.450 детей в ВКО получили нетбуки в подарок на Новый год

Ақжарма тілекті облыс әкімі Даниал Ахметов жалғастырып, шырша тойына келген балаларға тәтті толы дорба мен нетбуктар табыстады.

«Мен Бесқарағай ауданынан келдім. Таңдалуы 450 баланың қатарына ілігіп, облыс әкімінің шыршасына қатысқаныма қуаныштымын. Мерекелік қойылымдар мен ертегілер өте мазмұнды болды. Нетбукті көптен бері армандап жүрген едім. Расымен Жаңа жыл армандарды орындайды екен», - дейді Бақтияр Қалқаманов.450 детей в ВКО получили нетбуки в подарок на Новый год

Шара соңында балалар облыс әкімімен суретке түсіп мәз-мейрам болды. Шыршадан шыққан соң олар облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, театр қойылымын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар