Даниал Ахметов облыстың бірқатар аудандарындағы жол құрылысының сапасын сынға алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зырян ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зырянск мен Серебрянск қалаларының әкімшілік орталығының жолдарын жөндеу жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақпарттық орталыққа сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғанындай, биылғы жылы Зырянов ауданының жолдарын жөндеуге облыс бюджетінен 613 млн теңге бөлінген болатын. Жол сапасын тексеру кезінде Даниал Ахметов Серебрянск қаласындағы жөндеу жұмыстарының барысын сынға алды.

«Бірінші кезекте жөндеу жұмыстарын адамдар ең көп жүретін аймақтарға жасау керек еді және бұл бағыттағы жұмыстарды жылдың алғашқы жартысында аяқтау қажет болатын. Жөндеу жұмыстарын жеделдету қажет, келесі жылдың 1-ші маусымына дейін жұмыстар толық аяқталып бітуі керек»,-деді ШҚО әкімі.

Бұған қоса, әкім жергілікті депутаттарға Зыряновск қаласындағы жолдар мен кейбір үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары талапқа сай еместігін айтты.

«Жолдар мен шағын аудандарды және көшелерді абаттандырумен депутаттар айналысулары керек. Халық Сіздерді таңдады, алайда бұл Сіздер қалай болса солай әрекет ете берулеріңізге болады дегенді білдірмейді. Шағын аудандарды тәртіпке келтіріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жұмысын жіті қадағалаңыздар»,-деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар