Даниал Ахметов депутаттарды белсенді болуға шақырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейге сапармен келген ШҚО əкімі Даниал Ахметов қалалық мəслихат депутаттарын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспаналарын су алған тұрғындар үйлерін тазалау ісіне асығар емес.  Оған себеп бағалаушылар келмей ешнәрсеге тиіспеу керек деген алып-қашпа сөз. Рас-өтірігін сұраған тұрғындарға облыс əкімі комиссияның шығынды бағалауға оның еш қатысы жоқ екенін айтты.

«Үйді тазалауды бастаңдар. Комиссия келмей үйге кірмеу керек деген бос сөзді қою керек. Уәде береміз, үйді жөндейміз. Келген шығынды толық өтейміз. Бүгіннен бастап комиссия үйді-үйді аралап жүр. Оларға зардап тиген барлық дүние-мүлік тізімін, басқа да шығындарды жеткізу керексіздер. Мен бірер күнде қалаға тағы да келемін», - деді облыс əкімі.

Осылай әр тұрғынның өтінішіне құлақ асқан Ж.Ахметов әкімдік алдында галстук тағып өзін күтіп тұрған депутаттарға белсенді болу керектігін айтты.

Ал аймақ басшысымен бірге тұрғындардың жағдайымен танысқан тек бір депутат Əсемхан Досқұжанов болды. Ол міндетіне Сәтбаев көшесіндегі терезелері сынған үйлерді қалпына келтіру, оған қоса, су алған үйлерге жөндеу жүргізу ісін алды. «Халық қалаулылары бірінші кезекте халықпен бірге болулары керек» - деген Даниал Ахметов Семей әкімі Ермак Салимовқа қоғаммен бірге етене жұмыс істеуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар