+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Даниал Ахметов бастаған комиссия мүшелері Майқапшағай кеден бекетіне барды

2020 жылғы 21 ақпан 15:27
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов бастаған комиссия мүшелері Майқапшағай кеден бекетіне барды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов жетекшілік ететін комиссия Зайсан ауданында екі топқа бөлініп жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр 320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеулер алынды Қазақстандық мамандар ай сайын коронавирусты анықтайтын 50 мың тест жасауға қауқарлы

Бүгін облыс әкімі жетекшілік ететін комиссия екі топқа бөлініп жұмыс жүргізді. Даниал Ахметов бастаған бір топ Майқапшағай кеден бекетіне барып, Қытаймен арадағы шекараның жабық екеніне көз жеткізді.

Ал комиссияның екінші тобы жол құрылысымен айналысатын қытайлық компанияның 8, 10-учаскесінде болды. Мұндағы қытай жұмысшыларының визаларын тексерді. Олардың барлығы да Қазақстан аумағына былтыр, яғни коронавирус шықпай тұрған кезде кіргендері белгілі болды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Зайсандағы Ә.Молдағұлова көшесінің тұрғындарымен кездесіп, үйлерге газ тарту мәселесін қарастырды. Халықтың мәселесіне құлақ асқан өңір басшысы көшеге газ құбырын тартуға бюджеттен 100 млн теңге қаражат қарастыруды тапсырды.

Есғке сала кетейік, бұған дейін облыс әкімдігі Зайсан ауданындағы ауруханаларға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеген еді.


«Қытаймен екі арадағы шекара жабылды. Ал сол елден келген біздің 5 азаматымыз оқшауланып, карантинге жатқызылады», - деді Даниал Ахметов.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Зайсандағы жағдайға қатысты пікір білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT