+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Даниал Ахметов азық-түліктің қымбаттауына жол берген аудан әкімін сынға алды

2020 жылғы 19 ақпан 17:29
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов азық-түліктің қымбаттауына жол берген аудан әкімін сынға алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген Шемонаиха ауданының әкімін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазірде өңірімізде азық-түлік тауарларының бағасы біршама қымбаттағаны рас. Әкімдік 19 түрлі тауардың бағасын қадағалауға құқылы. Осы орайда тиісті шаралар атқарылуда. Алайда Шемонаиха ауданында кей азық-түліктің құны Өскемен мен Семей қалаларына қарағанда жоғары екені анықталған. Бұған тікелей аудан әкімі жауапты. Бүгінде осы олқылықтың орны толтырылған», - деді аймақ басшысы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, жеміс-жидек пен көкөністің бағасы тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмес үшін тұрақтандыру қорлары жұмыс істеуде. Биылғы қысқа 6000 тоннаға жуық картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат сатып алынған.

Сондай-ақ апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT