Даниал Ахметов: «Алтай» ВК қыздары – болашақ Олимпиада чемпиондары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз өңірінде спорт саласында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, бүгінгі таңда біздің волейболдан қыздар құрамасы әлемнің клубтық чемпионатында өнер көрсетеді. Әлбетте, әзірге біз онда жеңімпаз атанбасақ та, алдағы уақытта команда өзін көрсететінін біліп отырмын. Олар - Олимпиадаға баратын болашақ Олимпиада чемпиондары. Қай уақытта қазақ волейболы ондай дәрежеде болды? Екіншіден, біз кәсіби «Алтай» клубын құрдық. Табысқа жету үшін еңбектену керектігін білеміз. Бірнеше спортшымыз алыс елдерден келіп жатыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысы өз сөзінде облыс намысын қорғап жүрген төрт кениялық атлет Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан өнер көрсетер деген үмітін де жасырған жоқ.

«Семейде 24 жастағы Гүлжанар есімді марафоншымыз бар. Тек мықты спортшылардың жанында келешектегі жеңіске жол салынары анық. Бізде бірнеше ай бұрын үржарлық жігіт дзюдодан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Семей қаласында күрестен мамандандырылған орталық аштық. Ондағыдай төрт бірдей күрес кілемі Қазақстанның бірде-бір жерінде жоқ. Онда 200 бала тәлім алып жатыр, олар арнайы пансионатта тұрады. Өскеменде де сондай орталық бар. Сондықтан, мен келешекте спорттан игі жетістіктер болар деп үміттенемін», - деді Даниал Ахметов.
null 

Соңғы жаңалықтар