Даниал Ахметов Алтай ауданындағы ауруханалардың жұмысымен танысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті медициналық мекемелерді аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы жаңа кардиологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысып, Грехово ауылындағы оңалту орталығына бас сұқты.

Өткен жылы Алтайдағы ауданаралық аурухананың перзентханасына күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Бұдан бөлек, перзентхананы аймақтандырудың 3-ші деңгейіне ауыстыру аясында медициналық жабдықтардың 31 түрі сатып алынған. Даниал Ахметов сол жердегі аналармен сөйлесіп, сәбилердің денсаулығы мен көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасы туралы сұрады.


«Аналар босану үшін Марқакөлден Өскеменге немесе Үржардан Семейге сабылмауы тиіс. Өзі тұрып жатқан ауданда барлық жағдай жасалу керек. Сондықтан біз перзентханаларды екінші деңгейге көтеретін боламыз», - деді әкім.

Былтыр перзентхананың 5 қызметкері жетекші шетелдік клиникаларда, Семей мемлекеттік медицина университетінде, Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда біліктілігін арттырды.

«Ақ халаттыларды оқытуды жалғастырамыз. Әрине Литва елінің медицинасы жақсы дамыған. Алайда бұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл сала бойынша Германия мен Англия ең озық мемлекеттердің қатарында. Міне, сол жаққа дәрігерлерімізді оқуға жібереміз», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, 2019 жылы ауданаралық ауруханаға 6 жас маман келген: 2 - акушер-гинеколог, 2 - хирург, 1 - анестезиолог, 1 - травматолог.

Грехово ауылындағы оңалту орталығында емделушілердің жасына және денсаулық жағдайына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. 80 төсек-орны бар орталықта 1 айдан 6 айға дейін жатуға болады.


Соңғы жаңалықтар