+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Даниал Ахметов Алакөл аумағын дамыту жоспарымен бөлісті

2020 жылғы 20 қараша 14:58
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов Алакөл аумағын дамыту жоспарымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөлдегі туристік демалу орындарын дамыту жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы таяу жылдарда туризмді дамытуға ерекше екпін қойылып отыр. 4 жылда Алакөл бассейні аумағына 24 млрд теңге ескерілген. Қазіргі кезде 11 млд теңге игеріліп, инфрақұрылым салынды. Сонымен қатар туристік кешендердің құрылысына арналған жер учаскелері дайындалды. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - деді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған демалыс орындарына келетін туристер саны едәуір артатын болады.

«Биылғы қиындықтарға қарамастан, 600 мың турист келсе, алдағы екі жылда 1 млн турист сапарлайды деп айта аламын», - деді ШҚО әкімі.

ШҚО басшысы бүгінгі баспасөз мәслихатында, сондай-ақ оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайларына түсінік берді. Өңірдің даму деңгейіне қатысты мәліметпен бөлісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT