Данэлия Тулешова шырқаған қазақша жаңа әннің видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесінде Данэлия Тулешова қазақ тіліндегі жаңа әнін шырқады. ҚазАқпарат агенттігі тың шығарманың видеосын ұсынады.

Айта кеткен жөн, жаңа ән KADEX көрмесінің ашылуына орай Данэлия Тулешова үшін арнайы жазылған.

«Иә, бұл - жаңа ән. Оны халықаралық қару-жарақ көрмесіне арнап жазып берді. Сөзін Олжас Қасым, ал музыкасын Ринат Әбдіхалықов жазды. Данэлияның өзі Швейцарияда оқуда болды. Жаңа әнді бір күннің ішінде жаттап алды», - деді Данэлия Тулешованың ұстазы Наталья Чуракова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Данэлия Тулешованың бейбіт өмірге үндеген әні қару-жарақ көрмесіне жиналған жұрттың жүрегін елжіретті.

Еске салайық, бүгін Астанада басталған көрменің ашылу салтанатына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.  Мемлекет басшысы көрменің негізгі ерекшелігін атады. Көрме  26 мамырға дейін жалғасады. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар