Данэлия Тулешова Алматыда алғашқы жеке концертін өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 11 жастағы танымал әнші жанкүйерлеріне «Данэлия және достары» атты шоу тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас әнші өзінің алғашқы концертін Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығының біріндегі амфитеатрда өткізді. Бұл кеште әнші 10-ға жуық шығарма орындады. Оның ішінде «Голос.Діти» жобасының және авторлық әндер бар және кавер нұсқалар да шырқалды.

Жауып тұрған нөсерге қарамастан жанкүйерлер сүйікті әншісімен қосыла ән салды. Данэлияның әсем даусы, онымен үндескен би ансамблінің өнері кештің көркін қыздырып, жанкүйерлерін ерекше көңіл күйге бөлегені байқалды.

Данэлияның айтуынша, оқу жылының соңындағы емтихандарға байланысты, жеке концертіне аз уақыт қана дайындалған.

«Мен өте қуаныштымын! Мені ұмытпай, қолдап келгендеріңіз үшін ризамын! Есейгенде өз концертімді үлкен стадиондарда өткізіп, оған Дима Monatik, Бейонсе, Димаш Құдайберген, Дженифер Лопес сынды әншілерді шақырғым келеді», - деді арманымен бөліскен әнші. Алдағы уақытта Данэлия Ақтөбе қаласына ән сапарымен аттанады. Ол жерде жас әнші жас вокалистер конкурсында арнайы қонақ ретінде қатысып, ән айтатын болады.





Арайлым ЖОЛДАСБАЙ

Фото: Алексей Котерев

Соңғы жаңалықтар