Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Данэлия Төлешованың «The World's Best» байқауындағы видеосы жарияланды

2019 жылғы 14 ақпан 10:02 652
Бөлісіңіз:
Данэлия Төлешованың «The World's Best» байқауындағы видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкада өтіп жатқан «The World's Best» байқауының youtube желісіндегі арнасында қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысы: Мектеп пен колледждердегі музейлерде 32 мыңнан астам жәдігер бар Димаш Құдайберген кезекті клипін Испанияда түсірмек

Қазақстанның атынан барған жас әнші Андре Дейдің «Rise up» әнін орындап, қазыларды таң-тамаша етті. Айта кетерлігі, дәл осы әнді Данэлия Украинадағы байқауда да орындаған болатын.

Айта кетсек, Данэлия Төлешова The Real америкалық шоуына қатысып, жүргізушілерді талантымен таңғалдырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Данэлия Төлешованың «The World's Best» байқауындағы видеосы жарияланды

«Америкадан соңғы рет кетіп бара жатқанымда олардың дүкендері мен дәріханалары есімнен кетпей қойды. Оларда өмірге керектінің бәрі бар. Маған Elmer's Glue желімдері ұнады. Мен онымен слайм жасағанды ұнатамын», - деген еді Данэлия.

Еске сала кетсек, бұдан бірнеше күн бұрын дәл осы байқауға қатысып жатқан әнші Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткен видеосы жарияланған еді.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT