Данэлия Төлешова жаңа бейнебаянын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың жаңа клипі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Таңғаларлық әнші Эмбер Рэйлидің #Colourblind атты әніне кавер жазып, тыңдарманға ұсынғаным үшін қуаныштымын», - деп жазды Данэлия Төлешова өз парақшасында.

Бір тәулікте видео 20 мыңға жуық қаралым жинаған.

Айта кетейік, бұған дейін Данэлия Төлешова «Каникулы off-line» фильміне арналған жаңа әніне бейнебаян түсірген болатын. Талантты орындаушының барлық клиптерін Данэлияның YouTube-арнасынан тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар