Данэлия Төлешова «Singer 2019» байқауының финалында өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Қытайдың «Singer 2019» ән додасының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10 сәуір күні «Singer» жобасының Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы жылғы доданың финалына жолдама алған әншілер және олармен бірге өнер көрсететін арнайы қонақтар тізімі жарияланды.
Жоба жетекшілері байқаудың ақтық бәсекесінде ресейлік әнші Полина Гагаринамен бірге өнер көрсету үшін қазақстандық әнші Данэлия Төлешованы, Қытайдың ұйғыр ұлтынан шыққан рэп әншісі AIR және тайвандық әнші Darren-ды шақырыпты.
Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer» жобасының 2017 жылғы додасына қатысып, екінші орын алған болатын.
«Singer 2019» ән байқауының ақтық бәсекесі 12 сәуір күні тікелей эфирде көрсетіледі.
- Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді
- Елорда көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді
- Бейжіңде Құрманғазы атындағы оркестр концерт берді
- Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті
-
«Менің Жансүгіровым» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі
-
Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңестің республикалық отырысы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам