Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Украиналық «Голос. Дiти» вокалдық конкурсының жеңімпазы Данэлия Төлешова «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне өзінің арманы туралы айтып берді.



«Мен биыл өзім табыс таба бастадым. Көптен бері танымал брэндтердің бірінен ұялы телефон алғым келіп жүрген, соны алдым. Жаңа жылға өзіме сыйлық жасағым келді. Туыстар мен ата-анам да сыйлық жасады, әрине»,-деді Данэлия Төлешова.

Жас өнерпаз мектепте оқып жүр, ал студиядағы жұмыстарын уақытша кейінге қалдырған. Данэлия өзінің мектебінде де танымал, соңғы уақытта оған мектеп оқушылары да көптеп көңіл бөле бастаған.

«Мен әдемімін, ақылдымын әрі жақсы оқимын. Сол себепті ылғи да балалардың назарындамын. Бірақ мен үшін ол маңызды емес. Менің қазіргі бар ойым оқу мен жанымдай жақсы көретін өнерім. Мен інім мен әкем туралы көп ойлаймын және оларды жақсы көремін»,-деді Данэлия.

Әнші қыз әлемді шарлап, саяхаттағысы келетінін айтады. Ол Дженнифер Лопес, Бейонсе, Ариана Гранде, Майли Сайрус және Ники Минаж сияқты жұлдыздармен бірге қызыл кілеммен жүріп өтуді де армандайды. Сондай-ақ актриса болсам деген арманы бар.

«Мен әлемдік жұлдыздар сияқты кәсіпқойлардың қатарында болсам деймін. Ол үшін маған көп еңбек ету керектігін жақсы түсінемін. Мен сондай-ақ танымал голливудтық фильмге түскім келеді. Мысалы: «Алиса ғажайыптар әлемінде» сияқты фильмге. Бұл әрине, керемет болар еді»,-дейді Данэлия.

Жас әнші өзінің болашақ жоспарларымен де бөлісті. Қазір ол «Евровидение -2019» балалар байқауына қатысу үшін жақсы ән таңдап жүр.

Жақында ғана Украиналық «Голос. Дiти» вокалдық конкурсының жеңімпазы өзінің өнеріне тәнті балалармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар