Данэлия Төлешова Минскіге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данэлия Төлешова 25 қарашада Junior Eurovision-2018 ән байқауында еліміздің намысын қорғайды. Ал қазір дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Жас өнерпаз қобалжуға бой бермес үшін күн сайын дайындалып жатқанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау бірнеше күннен кейін «Минск-Аренада» өтеді. Ал ертең жарыстың ресми ашылуы болады.

 «Бүгін дайындық базасына барамыз. Қобалжу сезімін жеңу үшін сайысқа басталғанға дейін дайындаламын. Ойдағыдай өнер көрсетуім үшін  сақадай сай болуым қажет. Қызу дайындық арқасында жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын»,-дейді Junior Eurovision-2018 байқауына қатысушы Данэлия Төлешова.

Айта кеткен жөн осы санат бойынша  байқау билеттері 10 есе қымбатқа сатылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар