+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Данэлия Төлешова мен Ержан Максим елордада өнер көрсетеді

2019 жылғы 28 сәуір 22:02
Бөлісіңіз:
Данэлия Төлешова мен Ержан Максим елордада өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ертең елордада өтетін ҚХА ХХVІІ Сессиясына арналған «Туған жерге тағзым» атты концертте ән шырқайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертең Бейбітшілік және келісім Сарайында (елордадағы - авт.) Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ Сессиясына арналған «Туған жерге тағзым» атты концерт болады. Концерт «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициямен басталады. Оған «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблі солистері, Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысады», - дейді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының хабарлауынша, бағдарламада өте қызықты, көз тартар нөмірлер жетерлік.

«Ал мен қазір барша жұрттың назарына ілінген әртіс туралы айтқым келеді. Ержан Максим жақында ғана Ресейден оралды, ол «Голос. Дети'2019» конкурсына қатысқан болатын. Бірінші арна дауыс беру нәтижесін қайта қарауды ұсынғаны белгілі. Ол ресми нәтиже қандай болса да, біз үшін Ержан - ең үздік әнші. Сұрақтардың алдын ала айтайын: оның осы концертке қатысуы бұрын жоспарланып қойған. Ержан Магомаев пен Козловскийдің «Синяя вечность» композициясын орындайды», - дейді ол.

Министр Ержанмен бірге бір сахнада «Голос. Дети'2018» украин телешоуы жеңімпазы, Америкада өткен The World's best Бүкіләлемдік таланттар телешоуының финалына қатысқан кішкентай жұлдыз Данэлия Төлешова өнер көрсететінін жеткізді.

«Ол мұндай ән жарыстарына қатысу қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Ержан екеуі бірден ортақ тіл тауып, достасып кетті. Осындай конкурстарға қатысқан балаларымыз үшін бар ықыласымен жанкүйер болып жүрген барша қазақстандықтарға алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз олар үшін өте маңызды! Данэлия мен Ержанның алғыстарын сіздерге жеткізіп отырмын!», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Ресейдің бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының суперфиналында Ержан Максим ән шырқап, екінші орын иеленген болатын.

Ал осыдан екі жыл бұрын Данэлия Тулешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жеткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT