Данэлия Төлешова «Голос. Дiти» финалында 3 ән орындайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Қазақстандық жас әнші  Данэлия Төлешова «Голос. Дiти» украина шоуында 3 композиция орындайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне әншінің продюсері мен вокал бойынша тәлімгермі айтты.

10 жастағы қазақстандық қызбен бірге финалға 5 қатысушы шықты.

Байқау бойынша олардың әрқайсысы хит, тәлімгерімен дуэт, финалдық ән орындауы тиіс.

«Финалға әр командадан 2 мықты әншіден өтті. Біздің міндетіміз одан әрі ауырлай түсті. Киевте жүргенімізге 2 апта болды. Бізге орындайтын әнді бүгін береді. Ақтық финалға өткен жағдайда орындайтын әнді де сайлап қоюымыз керек. Шетелден келген қатысушы болғандықтан, Данэлияға жүктелген міндет көп. Оңай болмасы анық», - деді Наталья Чуракова.
null 

Данэлияның екінші турдағы өнері де көрермендерді бей-жай қалдырмады.

«Жартылай финалда бар жауапкершілігімізді салып дайындалдық. Алғашқы көрсеткен қарқынымыздан таймауға тырысамыз. Сол үшін Андра Дейдің «Rise up» әнін таңдадық», - деді продюсер.

Данэлия ән айтып жатқан кезде оның байқаудағы тәлімгері, украиналық әнші Дмитрий Монатик - MONATIK көз жасына ерік берді.

«MONATIK балаларды өте қатты жақсы көреді. Сондықтан, балалармен жұмыс жасағанда ол үнемі мұқият. Данэлияны ол «ғарыштан келген қыз» деп атайды», - деді Наталья Чуракова.  

Байқаудың финалы 17 желтоқсанда өтеді.

Айта кету керек, украиналық «Голос. Дiти» шоуында қазақстандық қыз 10 жастағы Данэлия Төлешова жартылай финалда жоғары өнер көрсетіп, финалға өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар