Данэлия Төлешова балалар Еуровидениесіне баруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның «Голос. Дiти» байқауында жеңіске жеткен алматылық әнші Данэлия Төлешова балаларға арналған "Junior Eurovision" байқауына қатысады. Алайда оған дейін Қазақстанның өз ішінде іріктеуден өту керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

"Енді, дәл қазір нақты жоспарлар жоқ. Дегенмен, Еуровидение жайында естіп жатырмыз. Іріктеу басталғанда біз міндетті түрде қатысатын боламыз. Шынын айтсақ, әлі ойымызды жинақтай алмай, нақты жоспарды құруға уақыт болмай жатыр", - деді әнші қыздың анасы Елена Төлешова бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлымен болған кездесуде.
null

Ал Данэляның өзі алдымен мектептегі сабағын реттеп алуды жоспарлап отыр. "Мен өзім Евровидениеге баруға қарсы емеспін. Себебі ол - өнер жолындағы тағы бір үлкен қадам. Бірақ маған дәл қазір мектебімде өткен сабақтарға жетіп алу қажет. Мен көп сабақты өткізіп алдым. "5"-тер аз болатын шығар. Дегенмен барымды салып, жақсы бағаларды жинап алу керек", - деді Данэлия Төлешова журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, жақында 10 жастағы алматылық әнші Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жеткен болатын. Алғашқы кезеңде ол  "Stone Cold" әнін орындап, барлық қазылар алқасына тәнті етті. Данэлия осы әнін Youtube желісінде 8 млн-ға жуық адам көрген.  

Ал финалда «Не твоя война» атты композицияны орындап, көпшілікті таңдандырды. Арнайы атақпен бірге Данэлия Төлешоваға Disneyland Paris-де саяхаттауға жолдама берілді.

null

 

Соңғы жаңалықтар