Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының көрермендерін таң қалдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауында бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данэлия биылғы маусымның 3-эпизодында өнер көрсетті. Әнші канадалық өнерпаз Faouzia-ның «Tears of Gold» атты әнін орындап берді.

Данэлияның өнерінен соң бүкіл зал орнынан тұрып, қол соқты.

«Мен ең танымал жоба - America’s Got Talent байқауында бақ сынап жатырмын. Меніңше, бұл – бар өнерпаздың арманы. Себебі бұл – деңгейі жоғары байқау. Мен барлық сынақта өзімді барынша көрсетуге тырысамын», - деді Данэлия.

NBC арнасында атақты шоудың 15-маусымы басталды. Бұл байқаудың қазылар алқасында America’s Got Talent байқауының негізін қалаушы, продюсер Саймон Коуэлл, талантты актрисалар София Вергара, Хайди Клум, шоумен Хоуи Мэндел бар.

Тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап өтіп келеді.

Бас жүлде - $1 000 000.


Соңғы жаңалықтар