+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

2020 жылғы 23 қыркүйек 08:33
Бөлісіңіз:
Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Данэлия Төлешова АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтіп жатқан America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.

«Бұл соншалықты оңай компазияция емес. Дайындыққа уақыт аз қалса да, біз осы әнді таңдадық. Мені қолдап, жылы сөзін аямаған жандардың бәріне алғысым шексіз, бұл мен үшін өте маңызды» дейді орындаушы.

Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенконың сөзіне сенсек, енді алдыңғы екі тур секілді мұнда да бір тәулік бойы көрермендер өзіне ұнаған үміткерге дауыс береді, ал оның нәтижесі ертең жарияланады.

Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер.

Еске салайық, Данэлия Төлешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.

Кейін қазақстандық жас әнші America's Got Talent таланттар шоуының финалына өтті.

Айта кетейік, Данэлия байқауда қазылар алқасын таң қалдырған еді. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT