Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова американдық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Кеше әлемнің барлық жерінен қатысатын конкурсанттар онлайн форматта бақ сынасты.

Данэлияның өнері қазылар алқасы арасында ешбір талқылаусыз бірауыздан қабылданды.

Енді қазақстандық әнші үшінші турға дайындалып жатыр.

Әзірге бұл тур қашан әрі қалай өтетіні белгісіз. Сонымен қатар, ол қандай әнді орындайтыны белгісіз.


Айта кету керек, Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таң қалдырған болатын. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты.


Соңғы жаңалықтар