Данэлия Төлешова Алматыда тыңдармандарымен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Данэлия Төлешова Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде тыңдармандарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 жастағы жас әншінің украиналық «Голос. Діти» шоуындағы жеңісінен соң туған отанында фанаттары пайда болды.

null null null 

Бүгін сауда үйлерінің бірінде ең жас әнші 100-ге жуық тыңдарманымен кездесті.

Өнерпаз фанаттарымен әңгіме-дүкен құрып, қолтаңба таратты. Олармен бірге суретке түсті.

Данэлия Нью-Йоркке барғысы келетінін, фастфуд тағамдарын жақсы көретінін жеткізді. Ол осы дәрежеге отбасының қолдауының арқасында қол жеткізгенін айтты.

null 

Айта кету керек, Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында 10 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова топ жарған болатын.

Суперфиналда ол «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» әнін орындады. Жас өнерпаздың әні біраз көрермендердің көзіне жас үйірді. 5 қарашада басталған шоуда қазақстандық әнші жобаның жарық жұлдызына айналды. Данэлияның өнер көрсеткен видеосын 6 млн адам тамашалаған.  Жеңімпаздың әндері «Наше радио» арнасынан 3 ай бойы қойылып тұрады. Сонымен қатар бүлдіршін «Disneyland Paris»-ге саяхаттайтын болды.

null 

Қазақстанға келген соң Данэлия ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті.

Жас әнші балаларға арналған «Junior Eurovision» байқауына қатысады. Алайда оған дейін Қазақстанның өз ішінде іріктеуден өту керек.

null null 

Соңғы жаңалықтар