Дәнекерлеуші экскаватор шөмішінің көмегімен үш адамды өрттен алып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округінің Тазов ауданындағы Гыда елді мекенінде дәнекерлеуші екі әйел мен бір баланы экскаватор шөмішінің арқасында өрттің ішінен аман алып шықты. Бұл туралы өңір басшысы Дмитрий Артюхов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 29 мамыр күні болған. Өңірдің Төтенше жағдайлар министрлігі отқа оранған үйден алты адамның құтқарылғанын хабарлады. Соның үшеуін қарапайым жұмысшы экскаватордың көмегімен құтқарып алған.

«Гыда елді мекенінде тұратын дәнекерлеуші Игорь Няч үш адамды өрттен құтқарып алды. Үйдің өртеніп жатқанын көріп, экскаватордың шөмішіне шығып, үйдің ішіне терезесін сындырып кіріп, екі әжей мен кішкентай қызды алып шықты», - деп жазды Артюхов.

Соңғы жаңалықтар