+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Дәнді дақыл шығымы былтырғыдан 33,6 пайыз төмен болуы мүмкін - АШМ

2021 жылғы 14 қыркүйек 12:38
Бөлісіңіз:
Дәнді дақыл шығымы былтырғыдан 33,6 пайыз төмен болуы мүмкін - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында құрғақшылықтың зардаптары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы министрі биылғы астық түсіміне болжам жасады Қуаңшылықта Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қандай көмек көрсетілді Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет

«Өсімдік шаруашылық өнімдері 919,7 млрд теңгеге өндірілді. Бұл нақты мәнде өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,3 пайыз аз. Төмендеу вегетациялық кезеңде қалыптасқан топырақ пен атмосфера құрғақшылығына байланысты туындап, дақылдардың өсуіне теріс әсер етті. Мәселен, облыс әкімдерінің жедел деректері бойынша, 1 қыркүйекке дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа түсімі 7,9 центнерді құрады. Бұл өткен жылдың осындай күні қалыптасқан түсімділіктен 33,6 пайыз аз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өнім алған өңірлерді саусақпен санауға болады.

«Облыстар бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық орташа деңгейден жоғары өсу қарқыны 5 облыста байқалады. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қсотанай және Шығыс Қазақстан облыстары», - деді Ербол Қарашөкеев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT