+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды - ҚР Президенті

2020 жылғы 29 ақпан 16:24
Бөлісіңіз:
Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Өкінішке орай, ешкім, тіпті дамыған мемлекеттер де вирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды. Дегенмен, дер уақытында қабылданған шаралар оң нәтижесін беріп отыр. Бүгінгі күнгі жағдайға сәйкес, Қазақстанда жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау үшін ең батыл, жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды. Асыра сілтемей әрі дүрбелеңсіз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус әлем бойынша өте жоғары жылдамдықпен әрі қауіпті ауқымда таралып жатыр. Сондықтан бұл да ескерілуде.

«Егер тенденция осы қалпында қалатын болса, онда көп адамдар қатысатын шараларды, оның ішінде халықаралық форумдарды басқа уақытқа ауыстыруға немесе болдырмауға тура келеді. Тарих індеттің билік пен азаматтардың батыл әрекеттерінен «қауіптенетіндігін« көрсетіп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT