Дамушы елдердегі қарыз дағдарысы тұрақты дамуға қауіп төндіруде -БҰҰ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2020 жылдары жүзден астам дамушы елдегі ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік қарыз деңгейі өскен және бұл шамамен 2 трлн долларға тең. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бас хатшысы Ребека Гринспан осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

«Бұл каскадты дағдарыс пен өсіп келе жатқан теңсіздік және созылмалы тұрақсыздық аясында өтіп жатыр. Коронавирус пандемиясы, климаттың өзгеруі және кедейлік пен аштық көрсеткіші жылдам өсуде. Дамушы елдердегі Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландырудағы олқылықтар кеңейіп, Жаһандық оңтүстіктегі көптеген елдер үшін қарыз ауыртпалығы тұрақсыз болып барады». - деді Гринспен конференция барысында.

Бірқатар жағымсыз факторға қарамастан, жүйелі қарыз дағдарысының қаупі төмен болып көрінуі мүмкін. 2021 жылдың соңында Қытайды есептемегенде дамушы елдердің мемлекеттік қарызы 11,5 трлн долларды құрады.

Халықаралық валюта қорының мәліметінше, проблемасы бар мемлекеттердің қарызы осы соманың шамамен 13 пайызын құрайды.

«Соңғы жылдары көптеген елдер COVID-19 пандемиясына, климаттың өзгеруі салдарына және өмір сүрудің жоғары құны дағдарысына дейінгі екі онжылдық прогресті жоғалтты. Осылайша, біз әлемдегі жағдайдың қолайсыз даму мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз», - деді Гринспен.

Оның айтуынша, дамушы елдердегі қарыз дағдарысы тұрақты дамуға қауіп төндіреді, бірақ қарыз 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуге және қазіргі әлем өте қажет болған климаттың өзгеруіне бейімделуге кедергі болмауы тиіс.

Фото: Д. Дикинсон


Соңғы жаңалықтар