Damumed-ке жалған деректерді тіркеуге қатысты қандай шара қолдануға болады - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық көмектің көлемі мен сапасы мәселелеріне қатысты мониторингті одан әрі жетілдіру қажет. Бұл туралы Денсаулық сақтау бюджеті ашықтығының мониторингі жайында өткен «Antikor.Live» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы халыққа амбулаториялық-емханалық сектор деңгейінде 99 миллион қызмет көрсетілген. Медициналық сақтандыру қоры қанша қызметкер, қанша күші болса да мұның бәрін басқара алмайды. Әрине, бұл үшін белгілі бір техникалық шешімдер бар», - дейді Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері жөніндегі сарапшы және консультант Марат Мамаев.

Оның айтуынша, бұл мәселеде ақпараттық жүйелер іске кірісуі керек.

«Медициналық көмектің көлемі мен сапасын бақылауды одан әрі күшейту қажет деп санаймын. Қор бұған белсенді түрде атсалысуда. Бұл Қазақстанда ғана бар мәселе емес. Мұндай мәселе барлық мемлекетте бар және әр ел онымен әртүрлі жолмен күресуде. Екінші жағынан, тұрғындар бұл көмекті алды ма, жоқ па - соған назар аудара бастады. Халық медициналық көмектің көлеміне мониторинг жүргізуге де қатысуы керек. Бұл өте үлкен әлеует», - дейді ол.

Оның айтуынша, әр тоқсан сайын азаматтық бюджетті (денсаулық сақтау саласы бойынша) жариялап, тұрғындарға бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер қабылдау қажет.

Еске сала кетсек, Damumed бас директоры Наталья Киль әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатқан қосымша жазылған мәліметке қатысты жағдайға түсінік берді.



Соңғы жаңалықтар