DamuMed-ке қатысты хакерлік әрекеттер болған жоқ - Абылайхан Оспанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DamuMed-ке қатысты хакерлік әрекеттер болған жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«DamuMed мәселесіне тоқталсақ, бұл жағдайда ешқандай хакерлік шабуыл болмағанын атап өткім келеді. Осыны жүз пайыз сеніммен айта аламын. Бұл ретте бүгінде тиісті құқық қорғау органдарымен жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдай тек адами факторға байланысты болды», - деді А. Оспанов.

Вице-министр бұл мәселеде Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен пікір алмасқанын жеткізді.

«12 адам бойынша мәліметтер ұсынылған. Тексеру нәтижесінен кейін біз тиісті іс-қимылдарды қабылдаймыз. Заңнама аясында кінәлілер жазасын алады», - деді Абылайхан Оспанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесінің құпия мәліметтері әлеуметтік желіге тарады. Осыған орай «Даму» ақпараттық технологиялар компаниясы мәлімдеме жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар