Даму жоспарын орындамаған ұлттық компания басшысы жауапкершілікке тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі ұлттық компаниялардың қызметіне сараптама жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингіде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің жұмсалған шығынды ақтамау проблемасын шешу бойынша тапсырма жүктеді. Бұл бағытта Есеп комитетімен бірге әрбір ұлттық компания мен мемлекеттік кәсіпорын қызметіне қажетті сараптама жүргізіледі. Бұған қоса, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың бірінші басшыларына даму жоспарындағы көрсеткіштерге қол жеткізбегені, сонымен қатар шығынға жол бергені үшін нормативтік тұрғыда жауапкершілік қарастыру ұсынылып отыр», - деді Әлихан Смайылов.

Бірінші вице-премьер қаржы институттарында бұғатталған кепілдік активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленетіндігін де айтты.


Соңғы жаңалықтар