Даму кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы күміс жүлдегер болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогында күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футболшылар финалда Ресейдің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесті.

Ойын барысында ресейлік құрамадан Вадим Пастушков 2, Иван Бобер 68, Егор Сысоев 73-минутта гол соқса, Ілияс Әбіл 9-минутта бір голмен жауап қайырды. Бұл -Ілиястың турнирде соққан үшінші голы.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:3 есебімен жолд беріп, турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар бұған дейінгі екі кездесуінде Өзбекстанды 3:0, Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын 1:0, Беларусьті 1:0 есебімен жеңді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогы ойындарына бұған дейін 2014, 2018, 2021 жылдарда қатысты.

2021 жылы финалда Тәжікстан жасөспірімдер құрамасына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.


Соңғы жаңалықтар