АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогында Өзбекстан құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында ел құрамасынан жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл 10-минутта есеп ашты. Ал 20-минутта шабуылшы Темірлан Ағыманов есепті еселей түсті.
Қазақстандық футболшылар қатарынан Виктор Лакеев 80-минутта мергендігімен көзге түсті.
Кездесуде ел құрамасынан үздік ойыншы болып Ілияс Әбіл танылды.
Александр Кузнецов бапкерлік жасайтын құрама топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні елорда уақытымен сағат 21:00-де Беларусь құрамасымен өткізеді.
Екі кездесуден кейін қазақстандық футболшылар А тобында бірінші орында келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Лионель Месси Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды.