«Даму» қоры миллиардтаған ақшаны депозиттерде ұстайды - Есеп комитеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасына аудит жүргізді. Соның нәтижесі бойынша бағдарламаның үйлестірушісі - "Даму" кәсіпкерлік қорына негізсіз миллиардтаған ақшаның аударылып тұратыны анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бизнестің жол картасын" дұрыс жоспарламайды. Ал бірнеше рет өзгерістерді енгізудің нәтижесінде ешбір есеп-қисапсыз республикалық бюджеттен 14,2 млрд. теңге бөлінді. Нақты қажеттілік болмаса да, Ұлттық қордан бағдарламаның үйлестірушісі - "Даму" қорына қыруар қаржы аударылады. Осының нәтижесінде 2010 жылдан бастап қорда үлкен көлемде жай жатқан ақша қоры жиналды. Биыл ол қаржының көлемі 25,3 млрд. теңгені құрады. Ол ақшадан түскен банктердің сыйақысы 1 млрд. теңгеден асты. Соған қарамастан, "Даму" қоры қосымша қаржы сұрап отырады", - дейді Есеп комитеттің мүшесі Айгүл Мұxаметкәрім.

Оның айтуынша, жергілікті жерлерден тапсырыс түспесе де, ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордан тағы 7,2 млрд. теңге аударды. Қыркүйекте ол ақшаның 6,3 млрд. теңгесі қалды. Сөйтіп, биыл ол ақша тағы игерілмей қалады деген болжам бар.

Жалпы, аудит кезінде "Бизнестің жол картасы" аясында 68,2 млрд. теңгенің тиімсіз игерілгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар