«Даму» қоры микроқаржыландыру ұйымдары арқылы 1 млрд теңге бағыттамақ - Д.Әбілқайыров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Даму» қоры микроқаржыландыру ұйымдары арқылы 1 млрд теңге бағыттамақ. Бұл қаржы ауыл-аймақтағы шағын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда «Даму» қорының басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров айтты.

«Шалғай жерлердегі шағын кәсіпкерлердің көпшілігі банктен несие ала алмайды. Бұл бағдарлама оларды қаржыландырудың тамаша тәсілі. Шағын қаржы ұйымдары әр елді-мекеннің ерекшелігіне, борышкердің төлем қабілетіне қарай бейімделеді. Ал, «Даму» қоры аталған шағын қаржы ұйымдарын өз тарапымыздан арзан несиемен қамтуға көмек береміз», - деді Д.Әбілқайыров.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі шағын қаржы ұйымдары арқылы кәсіпкерлерге бөлінетін қаржы 15 млрд теңгеге жетеді.

Осы уақытқа дейін 27 мың тұтынушыны несиемен қамтуға болады. Олар өз кезегінде 1755 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Алғашқы несие бюросының бас директоры Руслан Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері шағын несие ұйымдарымен белсенді жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар