+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

«Даму» қоры мен 13 банктің өкілдері өңдеу өнеркәсібінің кәсіпкерлерін қолдауға 100 млрд. теңге бөлу жайлы келісімге келді

2014 жылғы 17 сәуір 11:46
Бөлісіңіз:
«Даму» қоры мен 13 банктің өкілдері өңдеу өнеркәсібінің кәсіпкерлерін қолдауға 100 млрд. теңге бөлу жайлы келісімге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ 13 екінші деңгейдегі банктерде 100 млрд. теңгені орналастыру жайлы несиелік келісімге қол қойды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, аталған сома ҚР 13 банкке 20 жылға 2 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал ЕДБ өз кезегінде өңдеу өнеркәсібінің субьектілеріне 6 пайыздық мөлшерлемемен 10 жыл мерзімге несие ретінде ұсынатын болады.

«Бұдан бірнеше күн бұрын ҚР Үкіметі ШОБ субьектілерін қолдау жайлы бағдарламасын бекітті. Сол бағдарлама бойынша «Даму» қоры мен ЕДБ арқылы ШОБ кәсіпкерлері қолжетімді несиеге ие бола алады. Мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру экономикамызда әлі болған емес. Жобаның алғашқы кезеңі 100 млрд теңгеден басталып отыр. Болашақта бөлінетін қаржы одан да көбейе түседі деп сенеміз. Негізгі басымдық тамақ өнеркәсібін қолдауға, оның ішінде 50 млрд. теңге жүзеге асып жатқан жобаларды қайта қаржыландыруға, 50 млрд. теңге жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталады»,- деді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Ал бағдарламаға қатыса алатын кәсіпкерлерге қойылатын негізгі талаптар жайлы «Даму» қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова баяндады.

«Ең алдымен, кәсіпорын өңдеуші саладан жұмыс жасауы керек әрі ол құрамында жұмыскерлер саны 250 адамнан аспайтын ШОБ субьектісі болуы шарт. Оның қаржыны игеру мақсаты кәсіпорынды жаңғырту, жаңа құрал-жабдық сатып алу сияқты инвестициялық бағытта болғаны абзал. Біздің жобалардың - «Бизнестің Жол картасы-2020», «Даму Өндіріс» жобаларының қатысушыларына жаңа бағдарлама бойынша несие алуға тыйым салынған. Негізгі басымдық кондитерлік өнімдер, ауылшаруашылық шикізатын өңдеу кәсіпорындары, тоқыма, металлургия, нан өнімдерін шығарушыларға беріледі», - деді «Даму» қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен ұзақ мерзімді келісімге «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «Банкцентркредит» АҚ, «Ресей Сбербанкі» АҚ ЕҰ, «Цеснабанк» АҚ, «АТФ банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Еуразия банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Дельтабанк» АҚ, «АзияКредитБанк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ өкілдері қол қойды.

Аталған қаржы өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ өкілдерін қолдауға бағытталмақ. Мәміле Елбасының экономикаға шұғыл көмек ретінде ҚР Ұлттық қорынан 1 трлн. теңге бөлу жайлы тапсырмасының орындалуы шеңберінде жүзеге асты.

Осылайша қор еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тер төгіп жүрген ШОБ өкілдерін ұзақ мерзімді несиелеуді қамтамасыз етпек.

001

002

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT