«Даму» қоры Ақтаудың фармацевтикалық компаниясын 14 млн. теңгеге субсидиялайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Даму» қоры, «Гаухар» ЖШС және «Forte bank» филиалы фармацевтикалық компанияның ғимарат алуына бағытталған құны 140 млн. теге болатын жобаны субсидиялау бойынша үшжақты келісімшартты бекітті.

«Гаухар» ЖШС жергілікті нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 40-қа жуық фармацевтикалық ерітінділер мен бактерияларға қарсы препараттар: аммиак, бор қышқылы, жасыл дәрі, вазелин, глицерин, глюкоза мен басқа да заттарды өндіреді.

«Бұл әлеуметтік маңызды жоба. Жобаның өз құны 140 млн. теңге, ал несие сомасы шамамен 90 млн. теңге. «Гаухар» ЖШС-ның қарызгері ретінде «Ақтаумедкомплект» фирмасы шықты, ал «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытының аясында несие сомасының 50 пайызына кепілдік береді. Кепілдік мерзімі - 36 ай. Кепілдіктен басқа субсидиялау сияқты қолдау шарасы да бар. Банк 84 айға 14 пайыздық жылдық өтемақымен несие береді, 3 жыл бойы мемлекет 7 пайызын субсидиялайды, ал кәсіпкер қалған 7 пайызды төлейді», - деп атап өтті «Даму» Қоры АҚ аймақтық филиалының директоры Бауыржан Үтепбаев.

Аумағы 950 шаршы метр болатын ғимаратта негізгі өндіріс орналасады. Мемлекеттің көмегімен артық қалған қаржыға - 3 жылда бұл сома 14 млн. теңгеден асады - «Гаухар» ЖШС компанияның қызметін одан ары кеңейту үшін құрал сатып алуды жоспарлап отыр.

Жоба аясында тұрақты 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

«ЖШС Ақтау қаласының клиникалары және дәріханаларымен бірігіп жұмыс істеуде. Халықты сапалы фармацевтикалық өніммен қамтамасыз етуде өз үлесін қоса алады. Компанияның қызметі үлгілі іс және біз оған қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті «Forte bank» филиалының өкілі Абат Үрісбаев.

Соңғы жаңалықтар