+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды- Руслан Дәленов

2019 жылғы 9 қазан 10:46
Бөлісіңіз:
Даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды- Руслан Дәленов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде сақталады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 3,8 пайыз деңгейінде өсуі, 89 млн тонна көлемінде мұнай өндіру ескерілген. Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде тұр.

«Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Түсімдер түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады. Көлемді түсімдерді қосылған құн салығы (2,8 трлн теңге), корпоративтік табыс салығы (2 трлн теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 трлн теңге) қамтыды», - деді Руслан Дәленов.

Белгілі болғандай, түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге өсіп, 10,7 трлн теңгені құрамақ. Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді. Шығыстар 95 млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн теңгеден асады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT