Дамир Исмағұловтың қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтағы M-1 Global экс-чемпионы Дамир Исмағұлов таяуда UFC промоушенмен келісім жасап, Аделаидта UFC Fight Night 142 турнирінде Джозеф Даффиге қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда, ирландық жарақат алып, шараға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Аустралиядағы шоу 2 желтоқсанда өтеді, сондықтан UFC матч ұйымдастырушылары Исмағұловқа басқа қарсылас іздеп жатыр.

Дамир 16 қарашадан бастап UFC жекпе-жек шебері саналады. Ол қысқа уақыт ішінде қарсыласын жоғалтып үлгерді. Мұндай жағдайлар аралас жекпе-жекте жиі болып тұрады. 27 жастағы Исмағұлов кәсіби мансабында 27 рет жеңіске жетті. Оның ішінде он шақтысын мерзімінен бұрын жеңсе, екі рет жеңіліп қалды. 

Соңғы жаңалықтар