Дамир Исмағұлов UFC аясындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде тұратын қазақ Дамир Исмағұлов UFC аясында - екінші және кәсіби мансабында 18-інші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлады.

23 ақпан күні Чехияның Прага қаласында 145-ші UFC Fight Night турнирі өтетінін хабарлаған болатынбыз. Оның барысында 27 жастағы Исмағұлов испаниялық Джоэль Альваресті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Есеп - 30:27.

Бұған дейін Дамир Исмағұлов қазақстандықтардың қолдауы үшін алғыс білдірген еді.

Айта кетейік, Альварес бұған дейін 15 айқас өткізген, оның тек біреуінде жеңілген. Бұл, оның UFC Fight Night турниріндегі алғашқы жекпе-жегі.

Ал Дамир үшін UFC аясындағы екінші айқас. Алғашқы жекпе-жегін Аустралияның Аделаиде қаласында өткізген еді. Ол жеңіліп көрмеген австралиялық, «Хитмэн» лақап атымен танымал Алекс Джоджестен басым болды. Төрешілердің шешімін естіген соң Исмағұлов рингке өзіне жақын екі мемлекеттің - Қазақстан мен Ресейдің туларын алып шықты. Кешті тікелей эфирден «Qazsport» арнасы көрсетті.

Соңғы жаңалықтар