Дамир Исмағұлов: Қазақстандықтардың қолдауына ризамын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Чехияның Прага қаласында 23 ақпанда 145-ші UFC Fight Night турнирі өтеді. Бұл жарыста Ресейде тұратын қазақ Дамир Исмағұлов бағын сынамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дамир октагонға (8 бұрышты алаңға) испаниялық Хоэль Альвареспен шығады.

Хоэль Альварес бұған дейін 15 айқас өткізген. Оның тек біреуінде ғана жеңілген. Ол UFC Fight Night турниріне алғаш рет шығып тұр. Ал, Дамир осымен екінші рет күш сынаспақ.

«Бұл жолғы қарсыласым - мықты грэпплер. Егер ол UFC өтсе, жақсы спортшы деген сөз. Ол осыған дейін барлық жекпе-жегін мезгілінен бұрын аяқтаған», - деді Дамир.

Сондай-ақ, Дамир Ресей мен Қазақстандағы жанкүйерлерін алғыс білдірді.

«Маған Ресей мен туып өскен жерім - Орынбор халқы жанкүйер. Сондай-ақ, Қазақстанда да жанкүйерлерім көп. Мен тарихтағы UFC-та жеңіске жеткен тұңғыш қазақпын. Мен олардың қолдауына ризамын», - деді Дамир.

Спортшылар бүгін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Айта кету керек, 27 жастағы Дамир Исмағұлов 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Ол ең алғашқы жекпе-жегін Аустралияның Аделаиде қаласында өткізді. Сол кезде ол судьялардың шешімімен Алекс Горджесті жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар